04 қаз, 2024 сағат 10:53

Елімізде қанша педагог бар?

Көрнекі сурет: pixabay.com

Бүгінгі таңда елімізде барлық білім беру ұйымдарында 600 мыңға жуық педагог еңбек етіп жатыр. Оқу-ағарту министрлігі статистика жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.

Оның ішінде 399 247 педагог мектептерде, 41 155 педагог техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында сабақ береді. Еңбек өтілі 30 жылдан және одан көп мұғалімдер саны – 65 328.

Министрлік мәліметінше, мектепке дейінгі ұйымдарда 100 566 оқытушы жұмыс істейді, олардың 97978-і әйелдер, ал 2588-і ерлер екен.

Еңбек өтілі 30 жылдан және одан көп мұғалімдер саны 5 мыңнан асады.

Мектепке дейінгі мекемелерде 100 566 тәрбиеші жұмыс істейді.