Фото: 24.kz
Қазақстанда ұшақтар мен әуежайларға тексеріс басталды. Бастапқы жұмыстар Ақтау, Алматы және елордада жүргізіліп жатыр. Бұл туралы еліміздің Бас авиация инспекторы Жанат Әбдіғалымов хабарлады.
Оның айтуынша, ең бірінші кезекте жолаушылары көп әуежайлар тексеріледі. Әсіресе ұшу, авариялық-құтқару және орнитология жағынан қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді. Сондай-ақ, экипаж құрамы да назарда болады.
Айта кетейік, биыл елде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 900-ден астам тексеріс жүргізелген.