26 қыр, 2017 сағат 09:52

Ел болашағы – айбынды жас сарбаздар

Жаңа қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі — Мәңгілік Ел идеясы! Қазіргі заманда әлеуетті әскері бар, технологиясы мен білімі дамыған мемлекеттің жастары заман талабына сай сауатты, білімді болуы қажет. Бүгінгі күні біз жастардың спортқа қызығушылығының өскеніне, Отан алдындағы парызын өтеуге деген құлшынысының күн санап артып келе жатқанына куә болып отырмыз. Осы жағдайлар қазір дәстүрге, жастардың тілімен айтқанда, «брендке» айналып отыр.

Қорғаныс министрлігінің жас­­тар­ға әскери-патриоттық тәр­бие беру ба­ғытында атқарып жат­қан жұмыс­та­ры­ның ауқымы жыл өткен сайын ұл­ғайып, сапа­сы артып келеді. Ми­ни­с­тр­лік «Қазақстан-2020: болашаққа бас­­­­тар жол» Қазақстан Респуб­ли­­­ка­сы мем­лекеттік жастар сая­­­са­тының 2020 жыл­ға дейін­гі тұжырымдамасы» ая­сын­да орта­лық және аймақтық ат­­қа­ру­­­­­шы органдармен, қоғамдық ұй­­ым­­дар­­­мен бірлесіп, еліміз бой­­ынша жас ар­­мия­шылардың қо­­ғамдық қозғалысын жан­дан­дыру жұмыстарын ұдайы жүр­гі­­­зіп келеді. Бүгінгі таңда бұл жұмыстар же­місті нәтижелерін беру үстін­де деп толыққанды айта аламыз. Мәселен, соңғы жылдары елі­мізде әскери-патриоттық клуб­тар­дың саны 13 есеге көбейсе (177-ден 2308-ге), оқушыларды әс­кери-патриоттық шараларға тарту 70 пайызға өскен (38 000-нан 65 000-ға дейін). Біз бұдан жас­тар­дың бос уақыттарын не­ғұрлым білім алу­ға, әскери істі меңгеруге арнайтынын аң­ға­рамыз.  Жыл сайын маусым айын­да «Астана» өңірлік қол­бас­шы­лы­­ғының «Спасск» оқу-жаттығу ор­талығында мемлекеттік дең­гейде тарихи маңызы зор, тәр­биелік ма­ғынасы басым «Ай­бын» әскери-пат­ри­оттық жас­тар жиынын өткізу дәстүрге ай­­налды. Осы жерде жиынның бас­ты міндеттерін де атап өткен абзал. Тара­тып айтар болсақ, ол – жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру, әскери-патриоттық клубтардың іс-қи­мылын үйлестіру, жастарды Қарулы Күштердегі әскери қызметке даярлау, олардың бойында әскери қызметті өтеу кезіндегі қажет дағдылар мен ептілікті қалыптастыру, сондай-ақ жастарға саламатты өмір салтын насихаттау, дене, әскери-қол­данбалы және техникалық даяр­­лықты жоғарылату. Қорғаныс министрлігі би­ыл да әс­кери-патриоттық жұ­мыс­тарды одан әрі жетілдіру, әрт­үрлі мемлекеттердегі жас сар­­­баз­­дардың ұйым­да­ры­мен ха­лық­­­аралық ынты­мақ­тас­тық­тың пі­­шінін да­мыту, ха­лық­аралық дос­­тықты ны­ғай­­ту және жастарды интер­на­ци­­оналдық келісім мен өзара құр­­мет рухында тәр­би­елеу мақ­са­тында 12-17 маусым ара­лығында «Спасск» оқу ор­­та­лығында ІІІ халық­аралық «Ай­бын» әскери-патриот­тық жастар жи­ынын өткізбек. Оған елі­міз­дің әр аймағынан 600-ден астам жас қа­­тысатын болады. 

Биылғы жиынның та­ғы бір ерекшелігі, оған Өзбекстан Рес­публикасының өкіл­дері қа­тысқалы отыр. Шет мем­ле­кет­­тер­дің әскери атта­ше­лері, аймақ­тар­дағы жас­тар іс­тері мәсе­­­ле­лері жөніндегі бас­қар­ма­лар­дың ба­с­шылары жә­не рес­пуб­ли­кал­ық жастар ұйым­да­ры­­ның көш­­­басшылары қонақ ре­­тінде ша­қырылғанын да айта кет­кен орынды.  «Айбын» әскери-патриоттық жас­тар жиыны 13 маусымда ресми түрде ашы­лып, жалауын кө­тереді. Ха­лық­ара­лық жиынның ашылуында қазақ­стан­дық әс­кери қызметшілер жек­пе-жек ұры­сы­ның айла-тәсілдерін, ар­на­йы мақсаттағы бөлімшелердің жау­ын­гер­лері ұрыс қимылдарын, авиация мен артиллерияның қол­дауына сүйенген роталық-так­тикалық топ жауынгерлік атыстар көрсетеді. Жиынға қаты­су­шылар мен меймандар Әскери әуе күштері Авиациялық оқу орталығының ұшу топтары мен парашютшілерінің, сондай-ақ Қарағанды әскери-техникалық мектебі мотоциклистерінің өне­рін тамашалайтын болады. Биылғы жылдың тағы бір жа­ңалығы, барлық аймақтық әс­ке­ри-патриоттық клубтардың жұ­мысын орталықтандыру, «Жас сарбаз» Республикалық штабы­ның ж­ұ­­мысын жандандыру мақсатында, Қазақ­стан Республикасы Қарулы Күште­рі­­нің Ұлттық әскери-пат­ри­оттық орта­лы­ғы «Айбын» ха­лық­аралық әскери-пат­ри­от­тық жастар жи­ынының ресми сайтын іске қосты. 

Сайттан халықаралық жиын ту­ралы, жиынға қатысушы команд­алар мен қа­тысушыларға қажет ақпараттарды (жа­рыс­­тар­дың өт­кізілу ережесі, регла­менті, жи­ын ере­жесі, жиын бас­шы­лы­ғының құ­рамы, т.б.) алу­ға болады. Со­нымен бір­ге, жи­ынның өткен жыл­дар­да­ғы ма­те­­риалдарымен де толық таны­са аласыз.  Биылғы жиынның басты жа­ңалығы, оған қатысушы бар­­лық әскери-патриоттық клуб­тар­дың өзіндік белгілері бар ар­найы жо­бамен дайындалған ки­ім үлгісімен қам­тамасыз етілуі бо­лып отыр. Бүгінде жастарды пат­ри­о­т­­тық тұр­ғы­дан тәрбиелеу, әс­кери-қолданбалы спорт түр­ле­рін дәріптеу, спортқа баулу жұ­мыстарын күшейту, саламатты өмір сал­тын наси­ха­т­тау, оқу­шылардың дене даярлығының дең­гейін көтеру – Қарулы Күштердің басты ұста­нымы. Жиын шеңберінде жастарды спортқа машықтандыру және интел­лектуалдық қабілетін арт­тыру мақсатында таныс­ты­­ры­лымдар, көрмелер, әскери-қол­данбалы спорт түрлерінен жарыстар өт­кізіледі. Оның негізгі мақ­саты – жастар­дың бойында патриоттық сезімді ояту, Қазақстан тарихы бойынша білім­дері мен шығармашылық ынтала­рын анықтау, таным­дық бел­сен­­ділігін арттыру, инже­нер­лік-техникалық мін­деттерді орындау қабілеті мен дос­тық қарым-қатынаста әре­кет ету­ге баулу, саламатты өмір салтын ұстануға бейімдеу. 

Бұрнағы жылдарға қарағанда, жарыс түрлеріне айтарлықтай өз­герістер еніп отыр. Жиын бағ­дарламасы «Эрудит» интел­лек­туалдық ойыны, «Менің роб­отым» роботехникалық кон­кур­сы, пнев­ма­тикалық винтовка­дан ату, бел­те­мірге тар­тылу, әскери кросс, коман­да­лық пей­нт­бол, мега-арт «Айбын дауысы» фес­ти­­валі, «World of tanks» ком­пью­терлік ойынын қамтиды. «Айбын» жиыны жас­тар үшін отан­сүй­гіштіктің, дос­тық­тың және тұлға болып қа­лып­тасудың шынайы мектебі. Біз – бірлік туын берік ұстаған, бар­шаға үлгілі көпұлтты елміз. Сондықтан да мемлекет үшін жас­тарға рухани-адамгершілік тәр­бие беру және шын мәніндегі патриотты дайындау өте маңыз­ды. Бұл өз кезегінде мемлекет­ке жас­тарды патриоттық тәр­би­елеудің жаңа моделін қа­лып­тастыруға көмектеседі. Әскери-патриоттық ұйымдар қозғалыстарының жұмысын жан­дандырып, жастарды қа­зақстандық отаншылдыққа тәр­бие­леуге бағытталған жобаларды іске асыратын болады.

Мұхамеджан ТАЛАСОВ, генерал-майор, Бас штаб бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы  Қарулы Күштері Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы