09 ақп, 2021 сағат 15:06

Екпе салдырған соң ешқандай кері әсері болмады – дәрігер

Ақтөбеде 600-ге жуық медицина қызметкері екпе қабылдады. №2 Ақтөбе қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Марина Есетова қазір өзін жақсы сезінетінін айтып, өзгерлерді де иммундау жұмыстарына қатысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдымен учаскелік дәрігер қарап, денсаулығымды тексерді. Рұқсат құжатқа қол қойған соң алғашқылардың бірі болып вакцина қабылдадым. Алғашқы 30 минутта ешқандай өзгерісті байқамадым. Шын мәнінде, адам қобалжиды. Өнім жаңа, енді ғана қолданысқа енді. Дегенмен кері әсерін байқамадым. Алғашқы үш күнде ауырсыну, дене қызуының көтерілуі сезілмеді», - деді Марина Есетова.

Дәрігер емханада өзі секілді 100-ден астам медицина қызметкерінің екпе қабылдағанын, олардың да денсаулығы жақсы екенін айтты.

«Вакцинация – дұрыс шешім. Коронавирус инфекциясы ағзаны әлсіретіп, адамның көптеген дене мүшесін зақымдайды. Созылмады аурулар асқынады. Осы тұсын ескеріп, ауырмаудың жолың тағдағанымыз жөн. Тұрғындардың 85-90 екпе қабылдаса, иммунитетіміз мықты болады. Мен тұрғындарды екпе қабылдауға шақырамын. Өзім кері әсерін сезбедім.Ақтөбе қаласындағы №2 емханада 130 медицина қызметкері вакцина қабылдады. Бәрінің денсаулығы жақсы», - деді 2 Ақтөбе қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Марина Есетова.