
Екі жыл бұрын жоғалған елордалық табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2019 жылдың ақпан айында елорда тұрғыны қалалық полиция департаментіне хабарласып, әпкесінің жоғалып кеткені туралы айтады. Жағдайды зерделеу кезінде екі сіңлісімен сөзі жараспаған 24 жастағы қала тұрғыны туыстарымен байланысты үзгені белгілі болған.
Кейін іздеу барысында жоғалған қыздың еолрдада тіркелген 2 бірдей алаяқтық іске қатысы бар екені ашылады. Аталмыш фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалады.
Іздеудегі тұрғын бөгде адамның жеке куәлігі бойынша құрылыс компанияларының бірінде жұмыс істеп жүрген жерінен табылып, қолға түсіп отыр.
«Қазіргі таңда із-түссіз жоғалған тұрғын анасымен қауышты. Оның бұған дейін елордадағы өзге де осындай істерге қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», - деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.
