29 сәу, 2024 сағат 10:40

«Екі қонақ үйде бомба бар»: Талдықорғанда белгісіз біреулер жалған хабарлама жасаған


Фото: Видеодан скрин


Талдықорғанда жексенбі күні кешке қонақүйдегі бомба туралы ақпарат түсіп, дереу дабыл бойынша полиция құрамы көтерілді, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 


Полицияға белгісіз біреу хабарласып, “Колизей” және “Парк Хаус” қонақүйінде бомба қойылғаны туралы айтқан. Келіп түскен хабардан кейін қонақүйлер орналасқан мекен жайға дереу потрульдік автокөліктер мен жедел жәрдем жіберілді. 


Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видеолар тарады. Жетісу облыстық полиция департаменті болған жағдайға қатысты пікірі білдірді. 


“Сағат 18:35 шамасында Талдықорған полициясының жедел басқару орталығына облыс орталығындағы екі қонақүйге жарылғыш зат қойылғаны туралы жасырын қоңыраулар түскенін хабарлаймыз. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Ешқандай күдікті заттар табылмады. Облыстық полицейлер көрінеу жалған хабарламалар үшін заңда көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді”, – делінген хабарламада.