10 там, 2021 сағат 00:26

Димаш Құдайберген Ақтөбеде өтіп жатқан Baqytty Bala фестиваліне келді


Әнші Димаш Құдайберген Baqytty Bala фестиваліне арнайы келді. Ол гала концертте өнер көрсетеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбеде Baqytty Bala байқауы басталды. Оған әлемнің 7 елінен өнерпаздар қатысып жатыр.

«Барлығы 200-ге жуық адамнан өтініш түсті. Оның 20-сы іріктеліп, шақырылды. Байқау «Хабар» арнасы мен «Димаш Али» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Облыс әкімдігі қолдады. 2018 жылы байқауға қатысуға 420, 2019 жылы 500-ден астам адам өтініш берілді. Бұл сайыстың салмағын көрсетеді», - деді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Алтынай Юнисова.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Іріктеуден өтіп, финалға шыққандар екі ән орындайды. Бірі - ана тілінде, екіншісі - шетел тілінде. 

Гала концертте «Славян базары» байқауының жеңімпазы Рухия Байдүкенова, Junior Eurovision байқауының жүлдегері Қарақат Башанова ән шырқайды. 

Сонымен бірге «Бақытты бала» байқауының бұған дейінгі жеңімпаздары сахнаға шығады.

«Балаларға сәттілік тілеймін. Аман болсын. Еліміздің абыройын асқақтатсын», - дейді әнші Димаш Құдайберген.