24 мам, 2022 сағат 15:25

Денесіне үтік басып азапталған Батырбаевтың ісіне қатысты фейк тарады


ҚР Бас прокуратурасы әлеуметтік желілерде Азамат Батырбаевқа қатысты тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану дерегі бойынша қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

"Прокуратура мәліметінше, бұл ақпарат - фейк. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу шаралары жалғасып жатыр. Азаматтарды ресми дереккөздерге сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз", - делінген ведомство хабарламасында.


Еске сала кетейік, Азамат Батырбаев биыл қаңтар айында Талдықорғанда ұсталған болатын. Ақпан айында оның жұбайы Батырбаевты азаптағанын хабарлады.

1 наурызда Батырбаевты азаптады деген күдікті анықталып, қамауға алынғаны хабарланды. Іске қатысты басқа мәліметтер тергеу мүддесінде жарияланбайды.