25 қаң, 2025 сағат 18:45

Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды

Фото: t.me/danapartner

Қазақстандық публицист және продюсер Дана Орманбаева әлеуметтік желіде ұлтаралық араздықты қоздыру ісі бойынша халықаралық іздеуге жарияланды, - деп хабарлайды Ult.kz, Massaget.kzке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Алматы полиция департаменті хабарлады. Ведомство соттың "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялағанын атап өтті.

"Сонымен бірге сот күдіктіге халықаралық іздеу жариялады", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.

Еске салайық, 2024 жылдың сәуірінде алматылық тұрғынның әлеуметтік желілерде ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар қорқытулар мен балағат сөздер жариялауы туралы мәлімдемесінен кейін полиция Дана Орманбаеваға қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын.