08 сәу, 2024 сағат 13:50

“Дала Қырандары” қоғамдық бірлестігінің мүшелері су басқан Қояндыға қол ұшын созды



“Дала Қырандары” жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері, су басқан Қоянды ауылының тұрғындарының басына түскен қиындықтарына бей-жай қарамады. Қолдарына күрек пен резеңке етік алған жастар елордамыздың көршілеріне қол ұшын созып, қар тазалауға кірісті. Бұл туралы қоғамдық бірлестік өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазады.


Осы күнге дейін ерімеген қарды тазалағандарының арқасында, ауыл тұрғындарының үйлерін су тасқынынан аман сақтап қалды.
Бұндай ынтымақ пен қолдау әрекеті, зардап шеккендерге көмектесіп қана қоймай, еліміз үшін қиын-қыстау кезеңде өзара көмек пен бірліктің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, “Дала Қырандары” жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері, Астана қаласында өткен, су тасқынынан зардап шеккен жерлестеріміз үшін гумманитарлық көмекті жинауға ат салысып, қол ұшын созды.
Жас белсенділер келген қайырымдылықтарды реттеп, су тасқыны болып жатқан мекендерге баратын арнайы көліктерге жүктеді. 
Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев бұл жұмыстың дене күші мен ұйымдастырушылық қабілетін қажет ететінін айта келе, ұйым мүшелерінің еңбегіне ризашылығын білдірді.


Мұндай әрекеттер қоғамымыздағы ынтымақ пен өзара көмектің маңызды үлгісіне айналады.