20 нау, 2025 сағат 17:20

COVID-19 пандемиясымен күресте ең сәтсіздікке ұшыраған ел — Ұлыбритания


Бес жыл бұрын болған COVID-19 індетімен күресуде Ұлыбританияның нәтижелері дамыған елдер арасындағы ең нашар көрсеткіштердің бірі ретінде бағаланды. Пандемия құрбандарын еске алу шараларында халық билікке наразылығын білдірді, деп хабарлайды Ult.kz.

COVID-19 салдарынан Ұлыбританияда 200 000-нан астам адам қайтыс болды. Дегенмен, кейбір зерттеулер бұл көрсеткіштің одан да жоғары болуы мүмкін екенін алға тартады.

Зерттеуші Пол Джонсонның айтуынша, пандемия басталғалы 1 миллион адам мүгедектік бойынша, ал 700 000 адам еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы алып жүр.

Қазіргі уақытта елде пандемияның салдары әлі де байқалуда. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік ахуалы күрделене түсіп, үкімет сынның астында қалып отыр.