Фото: www.dgmu.ru
OpenAI ChatGPT веб-сайтында жаһандық ақау болды, деп хабарлайды Ult.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Соңғы күні ChatGPT-ге қатысты АҚШ-тағы пайдаланушылардан 14 000-нан астам шағым түсті, Нидерланды, Германия және Қазақстан сияқты басқа елдерден де ақаулар туралы хабарламалар келіп түсті.
Кейбір пайдаланушылар ChatGPT-дегі аккаунтына кіре алмады, ал басқалары сайтты мүлдем аша алмайды.
Сонымен қатар Reddit форумының пайдаланушылары AI тіл үлгісі веб-сайтының жұмыс істемейтінін растады.
Айта кетейік, ChatGPT соңғы жаһандық өшуі 11 желтоқсанда орын алды.