25 мам, 2024 сағат 13:36

Академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті


Қазақ КСР денсаулық сақтау министрлерінің бірі болған, Қазақ тағамтану академиясының негізін қалаушы, отандық медицинаның мақтанышы Төрегелді Шарманов дүниеден өтті. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" ҚазҰМУ-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Төрегелді Шарманов 25 мамырда қайтыс болды, деп хабарлады Асфендияров атындағы ҚазҰМУ өкілдері.

"Қазақ медицинасының мақтанышы, әлемдік денсаулық сақтау саласының аңыз адамы, академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті", - делінген хабарламада.


Төрегелді Шарманов әлеуметтік-гуманитарлық саладағы үздік жетістіктері және денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін марапатталған "Еңбек ері" атағының иегері болды. Ол 12 жыл бойы Денсаулық сақтау министрлігін басқарып, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің теңдесі жоқ жүйесін құрды. 2005 жылы академик Шармановқа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жоғары дәрежесі – Леон Бернард сыйлығы берілді. Ол сыйлықты бүкіл әлем тарихында небәрі 29 адам алған.