11 нау, 2021 сағат 20:04

Бурабайда 59 жастағы әйел бір айдан бері табылмай жатыр

Ақмола облысы Бурабай ауданының 59 жастағы тұрғыны Бибігүл Уаисова бір айдан бері табылмай жатыр. Әйелді полиция қызметкерлері мен еріктілер іздестіруде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жоғалған әйелдің ағасы полицияға көмек сұрап жүгінді. Ер адам әпкесінің 11 ақпанда жұмысқа кетіп, содан қайтып оралмағанын айтқан. Қазіргі уақытта іздестіру шараларын жүргізіп жатқан тәртіп сақшыларына Щучье қаласындағы «Lider.kz» еріктілері көмектесуде», - деді ведомстводан. 

Полиция қызметкерлері жоғалған әйелдің туыстары мен таныстарынан, көршілерінен, сондай-ақ, жоғалған күні көрген адамдардан сұрастырды. Сонымен қатар, Бибігүл Уаисованың жоғалуына қатысты қандай да бір мәліметі бар адамдар болса, құқық қорғау органдарына хабарласуын сұрайды.