Фото: Gov.kz
21 наурыз – Ынтымақ күні. Наурыз – түрлі ұлт пен мәдениетке жататын адамдардың басын қосатын мейрам, деп хабарлайды Ult.kz.
130-ға жуық этнос өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстанда бұл күн достық, сыйластық пен ауызбіршіліктің маңызын айшықтай түседі.
Адамдар жиналып, бір-бірінің салт-дәстүрлерімен танысады, түрлі ұлттық тағамдардың дәмін татып, ортақ мерекені бірге тойлайды. Елдің түкпір-түкпірінде этнофестивальдер, концерттер мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.