25 нау, 2024 сағат 13:06

Бүгін Қазақстанның төрт қаласында балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылды


«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 25-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, бүгін Қазақстан аумағынан бұрынғыша атмосфера фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болып, солтүстікте жаяу бұрқасын соғады. Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында күн негізінен ашық болады. Еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, жылдамдығы скундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Сондай-ақ, "Қазгидрометтің" болжамы бойынша 25 наурызда Астана, Алматы, Ақтөбе және Қарағандыда ауа ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдай туындайды.

Синоптиктер дүйсенбіде бұл қалаларда ауа сапасы нашарлауы мүмкін деп болжайды. Мамандар қолайсыз метеожағдайларда тұрғындарға мыналарды ұсынады: 

  • далада, әсіресе автомобиль жолдарының немесе басқа ластану көздерінің жанында жүрмеуге тырысу; 
  • балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден бас тартуы керек; 
  • өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауада болған кезде өздерімен бірге дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек; 
  • далада физикалық ауыртпалық салмау. 

Сондықтан дене шынықтыру не спортпен жабық спорт кешендерінде шұғылданған жөн болады.