26 ақп, 2021 сағат 11:58

Боралдай - Кеген бағытындағы санитарлық рейс мәжбүрлі түрде қонды

Азия Континенталь әуе компаниясының Ан2 әуе кемесі Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км жерде мәжбүрлі түрде қонды. Оқиға Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде болған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұшақ бортында 5 адам болған. Ешкім зардап шеккен жоқ. 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізетін болады.