Сурет: ашық дереккөз
Халықаралық бағдарламалар орталығындағы жанжалға қатысты сот тараптардың бітімгершілік келісімімен аяқталып, стипендиат Валерия Гавриленко қарызды өтеуге міндеттелді.
Қарызды өндіріп алу үшін сотқа шағым түсірген ҚМП жауапкермен бітімгершілік келісімге келіп, оған сәйкес "Болашақ" стипендиясын алған Валерия Гавриленко 28,5 миллион теңге қарызды толығымен өтейді.
Еске салсақ, "Болашақ" бағдарламасына қатысты жанжал туып, бағдарлама бойынша оқыған қыз қарызын өтемей, шетелде тұрған еді. Кейін Ұлыбританияға қоныс аударған студент Қазақстанға экстрадицияланатыны айтылды.
Бұған дейін "Болашақ" халықаралық бағдарламасы бойынша оқып, артынша оқуын тастап кеткен стипендиаттың кепілгерлері Наталья Воробьева мен Мақпал Дәрібаева Тоқаевқа үндеу жолдаған еді.
Стипендияны ұтып алып, артынша оқуын тастап кеткен және кепілде тұрған үйлерін заңсыз шешіп алған Валерия Гавриленко үшін енді кепілгерлері 30 млн теңге көлемінде ақша төлеуге мәжбүр. Бұл туралы кепілгерлер Наталья Воробьева мен Мақпал Дәрібаева айтып, шағымданды.