14 сәу, 2021 сағат 12:38

БҚО-да коронавирусқа қарсы екпе алғандар саны 20 мыңнан асты

Батыс Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы екпе алғандар саны 20 мыңнан асты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, вакцинация басталғаннан бері өңірге 34300 доза (24150-і – бірінші, 10150-і – екінші компонент) жеткізілді.

Күні бүгінге дейін 20105 адам І компонентпен егілсе, соның 5137-сі – медицина қызметкерлері, 3740-і – педагогтар, 1631-і – құқық қорғау, 9597-сі – басқа сала өкілдері.

Сондай-ақ 4109 адам екпенің ІІ компонентін алды.

2 сәуір күні түскен 10150 доза (І компонент) түгелдей жұмсалды. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәліметіне қарағанда, екпе алған 10150 адамның 4200-і – медицина қызметкерлері, 2445-і – педагогтар, 875-і – құқық қорғау органдарының өкілдері, 2630-ы – басқалар.

Сонымен қатар 9 сәуір күні түскен 14 мың доза да (І компонент) медицина ұйымдарына бөлініп берілді. Осыдан кеше 2890 адам егілді.

Жалпы, бұл партиядан 9955 адам (71,1 пайыз) вакцинаның І компонентін алды.

«Облысқа осы айда тағы 35 мың доза вакцина жеткізілмек. Өңірде егу кабинеттері 7 мемлекеттік қалалық емханада, 7 жеке клиникада, сондай-ақ 15 аудандық, 1 ауылдық ауруханада жұмыс жасауда», деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.