20 нау, 2021 сағат 17:44

БҚО-да бірнеше бағытта жол жабық: Синоптиктер ескерту жариялады

Батыс Қазақстан облысында бірнеше бағытта жол жабық, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, ауа райының нашарлауына байланысты облыстық маңызы бар Бөрлі-Ақсай-Жымпиты (0-159), Үлкен Шаған-Переметный (0-42 км), Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы (0-157 км) жолдарында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Жабылу себебі – қатты бұрқасын, желдің жылдамдығы секундына 15 метрге дейін жетеді. 

Сонымен қатар БҚО ТЖ департаменті 21 наурыз күні де күн райы бұзылатынын, осыған орай ескерту жарияланғанын жеткізді. 21 наурыз күні түнде өңірдің кей жерлерінде және Орал қаласында тұман түсіп, көктайғақ болады.