07 сәу, 2021 сағат 18:50

БҚО-да аң аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр

Батыс Қазақстан облысында аң аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО полиция департаментінен түскен мәліметке қарағанда, 40 жастағы екінші топтағы мүгедек Антон Борисов 2 сәуір күні шамамен сағат 21.00-де Теректі ауданы Аңқаты ауылынан 20 шақырым жерде Шалқар көлінің жағасында аң аулауға кеткеннен оралмаған.

Өзімен бірге аңшы мылтығы, оқ-дәрісі болған, қолына электронды сағат таққан.

Бойы 175-180 см, арықша келген, үстіне сары-көк түсті комуфляж костюм, аяғына етік киген. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ауруханадан шығып кеткен 65 жастағы ер адамның таптырмай жатырғанын жазған болатынбыз.