01 сәу, 2024 сағат 11:29

Биыл мектептерде оқу жылы қашан аяқталатыны белгілі болды

Сурет: Zakon.kz

ҚР Білім министрлігі республика мектептеріндегі оқу жылының аяқталу мерзімі туралы хабарлады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Таратылған хабарламада қазақ мектептерінде төртінші тоқсанның басталғаны атап өтілді. Ол 1 сәуірден 25 мамырға дейін жалғасады.

Сондай-ақ төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасы болатыны айтылады.

"25 мамырда қорытынды шығарылып, оқу жылы аяқталады", - делінген хабарламада.


2024 жылы Қазақстанда бірінші сыныпқа қабылдау туралы өтініштерді қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.