27 сәу, 2025 сағат 11:45

Биыл мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

Фото: aikyn.kz

Биыл мамыр айы Қазақстанда бірнеше мереке болғандықтан демалыс күндері де көп болады,  деп хабарлайды Ult.kz.

Қазақстанда 2025 жылы мамыр айында ресми демалыс күндері болып есептелетін мынандай мерекелерді атап өтеді:

• 1 мамыр (бейсенбі) – Қазақстан халқының бірлігі күні;
• 7 мамыр (сәрсенбі) – Отан қорғаушы күні;
• 9 мамыр (жұма) – Жеңіс күні.

1 мамыр мереке күні үшін: 

Бес күндік жұмыс аптасы барлар қалай демалады?

• 1 мамыр (бейсенбі) – демалыс;
• 2 мамыр (жұма) – жұмыс күні;
• 3-4 мамыр (сенбі-жексенбі) – демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасы барлар қалай демалады?

• 1 мамыр – демалыс;
• 2 және 3 мамыр – жұмыс күндері;
• 4 мамыр – демалыс.

7 және 9 мамыр мереке күндері үшін: 

Бес күндік жұмыс аптасы барлар қалай демалады?

• 7 мамыр (сәрсенбі) – демалыс;
• 9 мамыр (жұма) – демалыс;
• 10-11 мамыр (сенбі-жексенбі) – демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасы барлар қалай демалады?

• 7 мамыр – демалыс;
• 9 мамыр – демалыс;
• 10 мамыр (сенбі) – жұмыс күні;
• 11 мамыр (жексенбі) – демалыс.

Биыл мамырда қазақстандықтар жалпы қанша күн демалады?

Бес күндік жұмыс аптасы барлар үшін – мамырда мерекелерді қоса алғанда 12 демалыс күні болады, ал жұмыс күндерінің саны – 19. Ал алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін – 8 демалыс күні, жұмыс күндерінің саны – 23.