27 нау, 2021 сағат 14:15

Бір тәулікте 450 адамнан коронавирус анықталды: Алматы әкімдігі тұрғындарға жүгінді

Алматыда өткен тәулікте 450 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Жыл басынан бері қауіпті індетті 13 мыңнан астам тұрғын жұқтырған. 2020 жылы 18 521 жағдай тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, тұрғындар арасында инфекция жұқтыру қарқыны жоғары. сонымен қатар, мегаполисте британдық және оңтүстік африкалық коронавирус штамдарына тән мутациялар анықталды. 

Жаңа штамдардың контагиозы жоғары. Алдыңғы базалық штаммен салыстырғанда жаңа штаммдардың жұқтыру көрсеткіші 70%-ға дейін жоғары. Яғни, бұл инфекция өте жұқпалы. 

Сонымен қатар, КВИ симптомсыз формаларын тіркеуде 2020 жылы 39%-дан 2021 жылы 32%-ға дейін төмендеу байқалады. 

Наурыз айының 3 аптасында коронавирус инфекциядан ең көп зардап шеккен – 20-39 жас аралығындағы азаматтар - 38% және 40-59 жастағы адамдар - 27%, сондай-ақ 60 жастан асқандар - 20%. 

Талдау нәтижелері бойынша биылғы жылдың наурыз айының 3 аптасында инфекцияның жұғуы мына орындардан болуы мүмкін: қоғамдық орындарға барғанда (сауда, қоғамдық тамақтану) - 42%, соңғы аптада - 41% -1% төмендеу; қоғамдық көлікпен жүргенде - 18%; отбасылық шаралар. 

Қалада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласының әкімдігі КВИ-дің алдын алуды күшейтуге шақырады. Маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, қоғамдық орындарға барудан аулақ болу және адамның көп жиналуын болдырмау, сондай-ақ әлеуметтік байланысты азайту қажет.