Фото: ҚР ІІМ
ШҚО-да жеті баласына алимент төлемеген әйел жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2025 жылғы 10 сәуірде заңды күшіне енген Шығыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне сәйкес, әйел адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы – "Балаларды күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша кінәлі деп танылды.
Сот оған бір жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Жиналған берешек сомасы шамамен 10 миллион теңгені құрады. Бұл қаражат жеті кәмелетке толмаған баланы асырауға арналған болатын.