23 сәу, 2024 сағат 12:18

Белгілі адвокат Бишімбаев пен Байжановтың қанша жылға сотталатынын болжады


Танымал адвокат, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Джохар Өтебеков экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс қалай аяқталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, айыпталушы Қуандық Бишімбаев судьяға телефонының құпия кодын айтып, жантүршігерлік видео түсіргені белгілі болды.

"Әділдік деген сол – соңында Бишімбаев өзін өзі ұстап берді. Пиар-компания ұйымдастырып, сот процессі кезінде ақталып әлек болды. Мінезі құбылмалы болса да сабырлы күйінен таймады. Алайда, қылмыс күні мас күйінде видео түсіргені есінен шығып кетіп, кеше телефонының құпия кодын айтты. Міне, дәл сол кезде оның бетпердесі ашылды", - дейді Джохар Өтебеков.


Оның айтуынша, Қуандық Бишімбаев 25 жылға сотталуы мүмкін.

"Осыларды ескергенде, істің соңы қалай аяқталатынын алдын ала болжауға болады: 25 жыл (мүмкін тіпті өмір бойы бас бостандығынан айырылады). Байжановқа – 4 жыл", - деп жазды адвокат.