Фото: inbusiness.kz
Цифрлық даму вице-министрі Асхат Оразбек мобильді операторлардың тарифтерді қымбаттатып жатқанына қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Ult.kz.
Оның айтуынша, азамат ретінде оған тарифтердің қымбаттауы ұнамайды және кейбір наразылықтарды түсінеді. Алайда вице-министр ретінде:
«Вице-министр ретінде емес, адам ретінде айтайын. Осы елдің азаматы ретінде маған тарифтердің өсіп жатқаны ұнамайды. Сондықтан да тарифтердің көтерілуіне байланысты кейбір наразылықтармен келісемін. Бірақ вице-министр ретінде оператордың мұндай қадамға баруының себебін түсінемін», - деді ол.
Сондай-ақ, Асхат Оразбек қазіргі уақытта нарыққа төртінші мобильді операторды кіргізу жоспарда жоқ екенін айтты. Оның пікірінше, егер үш оператор тиімді жұмыс істеп, өзара бәсекелессе, қосымша оператордың қажеттілігі болмайды.