11 ақп, 2021 сағат 18:45

Батыс Қазақстанда жұқпалы аурулар стационарында жатқандар саны 350-ден асты

Батыс Қазақстан облысында 591 төсектік 7 жұқпалы аурулар стационарында 354 адам емделуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, сондай-ақ 185 төсек-орында 4 карантин стационарында 21 адам емделіп жатыр. 

Қазіргі таңда 30 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Онда төсектердің (62) тең жартысына жуығы (48,4 пайызы) толған. Сол секілді инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына 6, оттегі концентраторына 11, орталықтандырылған оттегі көзіне 97 адам қосылған. 

Өткен жылдың қыркүйегінен бері облыста барлығы 390 баланың ауырғаны тіркелді. Соның ішінде биыл 185 бала коронавирус жұқтырған.

Облыстық басқарма мамандарының сөзіне қарағанда, індеттің алдын алу және дер кезінде көмек көрсету мақсатында барлық қалалық емханада сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін ситуациялық орталықтар жұмыс істейді. Адамдар өзін жайсыз сезінген кезде бірден осы орталыққа хабарласқаны жөн. Онда өтінімді қабылдап, жедел бригада жіберіледі. Дәрігер қарап, тиісті кеңесін беріп, қажет болғанда сынама алады. 

Ситуациялық орталықтар мамандары ковидпен ауырып, амбулаторлық ем алып жатқан науқастарға хабарласып, жағдайын біліп отырады. 

Қалалық №3 емхана дәрігері Талшын Есенәлиеваның айтуынша, мұнда ситуациялық орталық карантиннің алғашқы күндерінде ашылған. Күн сайын алты маман емделушілермен сөйлесіп, олардың жай-күйі, ауру белгілері жөнінде жедел бригадаға мәлімет береді. Күн сайын сағат 08.00-ден кешкі 18.00-ге дейін науқастарға қоңырау шалады. Осындай жұмыс Орал қаласының басқа да емханаларында, сондай-ақ аудандық ауруханаларда ұйымдастырылған. Ситуациялық орталықтардың телефон нөмірлерін емханалардан, интернет көздерінен және медицина ұйымдарының ресми сайттарынан да білуге болады:

№1 қалалық емхана 50-47-20, 8-707-110-13-38

№2 қалалық емхана 8-702-263-13-10, 30-44-53

№3 қалалық емхана 51-05-77, 50-31-39

№4 қалалық емхана 8-708-767-21-90, 52-79-34

№5 қалалық емхана 8-778-526-70-11, 91-80-60

№6 қалалық емхана 8-707-360-95-80, 31-01-76

Ақжайық аудандық ауруханасы 8-711-369-13-77, 8-711-365-02-00, 8-775-443-00-53

Бөрлі аудандық ауруханасы 8-771-133-59-65, 8-71133-35-9-68

Жаңақала аудандық ауруханасы 8-778-163-24-92, 8-777-988-29-09

Жәнібек аудандық ауруханасы 8-771-032-34-07; 8-707-574-79-60; 8-705-476-89-86; 

Бәйтерек аудандық ауруханасы 8-708-433-19-60, 8-705-802-37-61

№2 Бәйтерек аудандық ауруханасы 8-705-841-45-05; 8-775-841-45-05

Қазталов аудандық ауруханасы 8-711-443-22-13 

№2 Қазталов аудандық ауруханасы 8-711-382-62-47

Қаратөбе аудандық ауруханасы 8-71145-31-2-53

Бөкей ордасы аудандық ауруханасы 8-705-264-23-96, 8-708-272-59-19, 8-705-225-59-89

Сырым аудандық ауруханасы 8-711-342-13-11, 8-777-478-25-55, 8-705-813-68-68

Тасқала аудандық ауруханасы 8-71139-21-8-86, 8-777-979-05-61

Шыңғырлау аудандық ауруханасы 8-71137-34-452, 8-778-802-00-08

Теректі аудандық ауруханасы 8-705-804-07-28, 8-71132-23-4-55.

№2 Теректі аудандық ауруханасы 8-775-373-63-27, 8-71143-92-4-35