
Батыс Қазақстан облысында жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 14 наурыз күні Теректі ауданы аумағында болды.
Сағат 08.53-те Самара-Шымкент жолының 290-шақырымында Барбастау ауылы тұсында бір реттік пластикалық ыдыс тиелген «Мерседес» жүк көлігі отқа оранды.
«Тілсіз жау» өрт сөндірушілердің күшімен сағат 10.00-де ауыздықталды.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталу үстінде.



Жыл басынан бері осымен 20 автокөлік өртенді.
