
Батыс Қазақстан облысында үш жеңіл көлік қар құрсауында қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 5 наурыз күні Қаратөбе ауданында болды.
Қаратөбе-Қалдығайты тас жолында Қаратөбе ауылынан 22 шақырым жерде үш жеңіл көлік қар құрсауынан шыға алмай, қалып қойған.
Сағат 04.00-де ТЖД күшімен (5 қызметкер, 1 техника) жеңіл көліктердегі 11 адам Қаратөбе ауылына эвакуацияланды. 11 адамның біреуі – бала. Олар медициналық көмекті қажетсінбеді.
БҚО ТЖ департаменті бүгін республикалық маңызы бар Самара-Шымкент жолының ашық, ал Орал-Тасқала-РФ шекарасы трассасы жабық екендігін жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда балалар мінген 2 мектеп автобусы қар құрсауында қалғанын, БҚО трассасында жүк көлігінің тіркемесі жанып кеткенінжазған болатынбыз.

