
Батыс Қазақстан облысында 696 төсектік 9 инфекциялық стационарда 463 адам жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қазіргі кезде жұқпалы аурулар ауруханалары 66,5 пайызға толған.
Соның ішінде 25 адам жансақтау бөлімшесінде ем алуда.
Сондай-ақ 195 төсектік 4 карантиндік стационарда 14 адам жатыр.
Облыста бір аптада 700 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді.
Күні бүгін инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына 2, инвазивті емес аппаратқа 10, оттегі концентраторына 13, орталықтандырылған оттегі көзіне 118 адам қосылған.
Облыста қыркүйек айынан бері 670 бала коронавирус жұқтырса, соның 465-і биыл анықталған.
Өңірде індеттің өрши түсіп, эпидемиялық ахуалдың күрделеніп бара жатқаны облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалық етуімен өткен жедел штаб отырысында да айтылды. Осыған орай өңір басшысы карантин талаптарын күшейту қажеттігін жеткізді.
