22 ақп, 2021 сағат 19:10

Батыс Қазақстанда екі автокөлік соқтығысып, бір адам мерт болды

Батыс Қазақстан облысында екі автокөлік соқтығысып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға бүгін Орал-Атырау жолында Ақжайық ауданы Ақбұлақ және Ақсуат ауылдарының орта тұсында болды. 

Оқиға орнына трассалық-медициналық құтқару бекеті және Ілбішін дәрігерлік амбулаториясының бригадасы барды.

Алдын ала мәліметке қарағанда, бес адам зардап шекті. Бір адам көз жұмса, екіншісінің жағдайы ауыр.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, ақпараттың кейін берілетінін жеткізді.

Белгілі болғаны, көліктердің бірі «DAF» маркілі жүк көлігі болса, екіншісі - «Тойота Альфард».