02 нау, 2021 сағат 13:21

Батыс Қазақстанда боранға байланысты республикалық жол жабылды

Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты республикалық жол жабылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша жергілікті сағат 13.00-ден бастап ауа райының нашарлауына орай республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ шекарасы (31-104 км, Переметный ауылынан Ресей шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Жабылу себебі – қатты боран. 

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланып, төтенше оқиғалардың алдын алу бағытында тиісті шаралар алынып жатқандығын жеткізді.