23 ақп, 2021 сағат 09:59

Батыс Қазақстанда барлық бағыттағы жолдар жабылды

Батыс Қазақстан облысында барлық бағыттағы жолдар жабылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, ауа райының нашарлауына байланысты жергілікті сағат 10.00-ден бастап барлық бағыттағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды. 

Жабылу себебі – қатты боран. 

Қазіргі кезде Орал қаласында да боран соғып тұр.