01 нау, 2021 сағат 17:18

Батыс Қазақстан облысында шектеу шаралары жеңілдеді

Батыс Қазақстан облысында шектеу шаралары жеңілдетілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 1 наурызда жаңа қаулысы шықты.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұдан былай мемлекеттік қызметкерлердің - кемінде 60, жеке кәсіпкерліктегілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істейді.

Сондай-ақ жабық базарлар мен сауда үйлері жексенбі күні де ашық болады.

Мектептерде бұрын 1-5 сыныптарда кезекші топтар ғана оқыса, енді бәрі де дәстүрлі түрде білім ала алады. Тек бір сыныпта балалар саны 15-тен аспауы қажет.

Сондай-ақ осы кезге дейін сабақтан тыс уақытта 5 баладан аспайтын топқа жеке оқытуға рұқсат берілсе, енді 15 балаға дейін көбейтілді.