14 мау, 2024 сағат 12:39

Аягөздегі әскери бөлімшеде сарбаз жарақат алып, көз жұмды

Сурет: Ratel.kz

Аягөз қаласындағы әскери бөлімшелердің бірінде сарбаз жарақат алып, көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 13 маусым күні оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, көз жұмған.

Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. 

"Кінәлі және лауазымды тұлғалар қылмыстық кодекс және тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылатын болады. Қарулы күштер әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Оларға барлық көмек көрсетілетін болады", – делінген министрлік хабарламасында.