01 нау, 2021 сағат 21:00

Автобус пен жеңіл көлік соқтығысы: 7 жастағы балаға ота жасалады

Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысы кезінде зардап шеккен балаға ота жасалады, депьхабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы мен Тілеу батыр көшесінің қиылысында №12 бағыттағы автобус пен «Daewoo Nexia» автокөлігі соқтығысты. «Daewoo Nexia» автокөлігіндегі үш бала облыстық балалар ауруханасына тексеру үшін жеткізілді . 

«7 жастағы бала бас-ми жарақатымен түсті. Жағдайы ауыр. Қазір ем қабылдап жатыр. Ота жасалмас бұрын оған трепанация әдісі қолданылды. Сонымен бірге 2011 жылы туған бала жабық бас-ми жарақатын алды. Жағдайы қанағаттанарлық. Ал үшіншісі баланың ата-анасының айтуынша, лоқсыған, жүрегі айныған», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.