10 нау, 2021 сағат 08:45

Ауа райына байланысты елорда әуежайында 16 рейс кейінге қалды

Ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты елорда әуежайында 16 рейс тоқтатылды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Елордада ауа райының бұзылуы жол-көлік оқиғалары мен рейстердің тоқтатылуына себеп болды. 

«Күн райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келетін, одан ұшып шығатын бірнеше рейс тоқтатылды. Жолаушылар толық ақпаратты әуежайдың анықтама бөлімінен немесе әуе компанияларының колл-орталығынан біле алады», - деп түсіндіріп өтті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов. 

Елордалық әуежайдың баспасөз хатшысы ұшып шығуы тиіс 6 рейс пен қонуы тиіс 10 рейстің кейінге шегерілгенін нақтылады.