
Бүгін Атырау облысының аумағын шаңды дауыл басты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қатты соққан желдің екпіні секундына 20 метрге жетіп, шаңды дауылды көтерді. Соның салдарынан Атырау қаласы мен бірнеше шағын ауданды шаңды дауыл басты.

«Ауа райының қолайсыздығы ертең, 17 наурызда да сақталады. Бұл күні жылдамдығы секундына 23 метрге жететін қатты жел болатыны күтіліп отыр. Осыған байланысты жүргізушілер жолда жүру ережесіне сәйкес, арақашықтықты сақтап, абай болғаны жөн. Ал, тұрғындар үлкен ғимараттардың шатырынан сақ болуы керек» деп ескертеді Төтенше жағдайлар департаменті.

