Сурет: Pixabay
Атырау облысында жасөспірім баланы қағып кеткен. Бұл туралы “Мой город” басылымы жазды.
Қайғылы оқиға 18 мамыр күні сағат 15:25-те Атырау облысында Индер ауданы Бөден ауылында болды. Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, мотоцикл мінген 16 жастағы жасөспірім сегіз жасар баланы қағып кеткен. 1-сынып оқушысы ауыр жарақат алып, Индер аудандық ауруханасына бара жатқан жолда мерт болды.
Тәртіп сақшылары наурызда бұл жасөспірімге жүргізуші куәлігінсіз мотоцикл жүргізгені үшін әкімшілік хаттама толтырылғанын атап өтті. Алайда осыдан кейін адам өліміне әкелген жол апатын жасады.