
Атырау облысында вакцинациялаудың бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.
Сонымен ерікті түрде «Спутник V» вакцинасын салудың бірінші кезеңі аяқталды.
«Атырау облысында коронавирус инфекцияға қарсы вакцинациялаудың бірінші кезеңі 1-15 ақпан аралығында жүргізілді. Осы мақсатта Атырау қаласында 16, ал аудандандарда 8 орын ашылды. Алғашқы кезекте вакцинаны медицина саласының мамандары алды. Олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер де бар. Атырау қаласында 725, аудандарда 273 адамға екпе салынды. Вакцина алғандар арасында ауруханаға жатқызу жағдайы тіркелген жоқ», -делінген хабарламада.
