04 там, 2021 сағат 15:04

Атырау облысында мектепке «бомба қойған» жігіт қамауға алынды


Атырау облысында мектепке «бомба қойған» жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше, 3 тамызда 102 операторына «Индербор кентінде орналасқан мектептердің бірінде жарылғыш зат бар» деген хабар түскен. 

«Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, күдікті адамды анықтады. Индер ауданының орталығы – Индербор кентіне қонаққа келіп, жалған ақпарат берген Батыс Қазақстан облысының 29 жастағы тұрғынын ұстады» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір жалған хабар берген күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабымен тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.