25 шіл, 2024 сағат 14:23

Атырау облысында аса қауіпті мал ауруының үш ошағы анықталды


Фото: agroinfo.kz

Атырау облысында аса қауіпті мал ауруының үш ошағы анықталды. Ауру ошақтары Индер мен Құрманғазы ауданынан табылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының хабарлауынша, аса қауіпті ауру ошақтарында шектеу және карантин шаралары белгіленді.

«Биыл бекітілген жоспарға сәйкес өңірдегі төрт түлікке аса қауіпті 11 түрлі ауруға қарсы 3 млн 551 мың 758 доза вакцина егілді. Бруцеллез ауруына байланысты 1 млн 50 мың 940 қан сынамасы алынды. Сынама қорытындысымен анықталған ауру мал иелеріне жергілікті бюджет есебінен тиісті өтемақы төленді», - делінген ақпаратта.


Облыс аумағында соңғы үш жылда улы қарақұрт көбейген. Қарақұрттан төрт түлік, оның ішінде түйе көп зардап шегуде. Маусым-шілде айларында 485 түйені қарақұрт шақты. Соның салдарынан 90 түйе өлді.