25 мау, 2021 сағат 15:18

Астаналық қыз Талғат Мұсабаевты соққы жасады деп айыптады


Сенат депутаты Талғат Мұсабаев қызға шабуыл жасады деп айыпталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметі бойынша, оқиға 24 маусымда болған. Мұсабаев пен елорда тұрғыны Алина Нұртас арасындағы жанжал саябақта басталған.

"Саябақ. Итпен жүргенмін, ол қысқа қарғыбауға байланған, тұмылдырығы өзіммен бірге (заң бойынша, ол хуски тұқымды итерде болмауы керек). Серуендеп жүргенмін. Бір уақытта біреудің айғайлағанын естідім. Мән бермей жүре бердім. Жақындап келіп, тағы айғайлады. Мұрнымның астынан дөрекі адамға балағат сөз айттым да, одан әрі жүре бердім. (Алина үндеме! Өзің кінәлісің! Жоқ, кінәлі емеспін. Бұл менің негізсіз айғайға реакциям). Әрі қарай жүре бердім. Ер адам бұрылып, серпілді де, иығымнан жұдырығымен бір ұрды. Қолым жансызданып қалды", - дейді қыз.

Алина Нұртастың айтуынша, оқиға орнына полиция шақырылған, кейін ол құқық бұзушы сенат депутаты Талғат Мұсабаев екенін білген.

"Бірден полиция шақырдым. Сол жерде мәселені шешуге кірістік. Бірақ ештеңе дәлелдей алмайтыным белгілі болды. Себебі менің алдымда Талғат Мұсабаев тұр. Оған не айта аламын?", - деп жазды Алина Instagram парақшасында.

Нұр-Сұлтан полиция департаменті бұл жанжалға Талғат Мұсабаев шынымен де қатысты екенін растады.

"Биыл 24 маусымында сағат 17: 22-де "102" арнасына Момышұлы көшесіндегі Триатлон саябағында ер адам қызды ұрып, онымен дөрекі сөйлескені туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Ер адам мен ит иесі арасындағы жанжал үй жануарын тұмылдырықсыз серуендетуге байланысты шықаны анықталды. Дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", -деді  қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.