Фото: Thetenge.kz
1 мамырдан бастап «QAZAQ AIR» әуе компаниясы Астанадан Өзбекстанның Самарқанд қаласына жаңа бағыт ашады. Канадалық De-Havilland Dash 8-Q400 ұшақтары орындайтын бағыт Түркістан арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Ult.kz.
Астана-Самарқанд әуе рейсі аптасына екі рет әр бейсенбі және жексенбі орындалады.
Бейсенбі:
IQ369 Астана 16:15 – Самарқанд 20:00
IQ510 Самарқанд 21:00 – Астана 01:30
Жексенбі:
IQ369 Астана 07:25 – Самарқанд 11:00
IQ510 Самарқанд 12:00 – Астана 15:30
Сонымен қатар апта сайын әр бейсенбі және жексенбі күндері Түркістан-Самарқанд әуе рейсі орындалады.
Бейсенбі:
Түркістан 19:10 – Самарқанд 20:00
Самарқанд 21:00 – Түркістан 21:50
Жексенбі:
Түркістан 10:10 – Самарқанд 11:00
Самарқанд 12:00 – Түркістан 13:00