18 сәу, 2024 сағат 11:11

Астанадағы мектептің 4-қабатынан 8-сынып оқушысы секіріп кетті


Астанада сегізінші сынып оқушысы мектеп терезесінен секіріп кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға №72 мектеп-лицейде болған. Оқушы көптеген дене жарақаттарын алған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

"Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылды, бала ауруханада. Зардап шегушінің миы шайқалған, кеудесі мен іші жарақаттанған, оң жақ білегі мен оң аяғы сынған. Жалпы жағдайы тұрақты және ауыр деп бағалануда (алған жарақаттарына байланысты). Оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында", – деп елорданың білім және денсаулық сақтау басқармасының өкілі.


Қалалық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.