10 сәу, 2021 сағат 06:20

Астанада жексенбі күні қоғамдық көлік жүрмейді

Елорданың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, жексенбі, 11 сәуір күні қала ішінде және қала маңына қатынайтын автобустар жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі», - деп мәлім етті «City Transportation Systems» компаниясынан. ⠀ 

Дүйсенбіден бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істей бастайды.

Компания өкілдері автобустарға маскасыз кіруге болмайтынын ескертеді. Жолақы қолма-қол ақшасыз төленеді.