22 мам, 2024 сағат 18:51

Астанада төртінші қабаттан құлағалы тұрған баланы құтқарған жеткіншекке 1 миллион теңге берілді


Астанада төртінші қабаттан құлағалы тұрған баланы құтқарған жасөспірімді қала әкімі Жеңіс Қасымбек марапаттады.

Астана әкімі 7-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов пен оның ата-анасымен кездесті.

"Ақан мен оның ата-анасымен кездестім. Ол өзінің жылдамдығымен және батылдығымен қайғылы жағдайдың алдын алды. Ақанның ата-анасына ержүрек ұл өсіріп, лайық тәрбие бергені үшін алғысымды білдіремін! Ақан сол сияқты оқуда да, спортта да жетістіктерге жетіп жүр. Мұғалімдері мен сыныптастары ол туралы адал дос, саналы және жауапкершілігі мол оқушы деген пікірде", – деді Жеңіс Қасымбек.


Жасөспірімге ерлігі үшін планшет пен бір миллион теңге сыйға берілді. Сондай-ақ болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде көмек көрсетіледі деп уәде етті.

Еске салсақ, Астанада 7-сынып оқушысы төртінші қабаттан құлағалы тұрған баланы құтқарып қалған еді