Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Астанада Жаңа жыл мерекесіне байланысты полицейлер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген қызмет режиміне көшірілді, деп хабарлайды Ult.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Осыған орай, ҚР ІІМ Ұлттық ұлан №5573 әскери бөлімінің аумағында жалпы гарнизондық полиция жеке құрамын бөлу жұмыстары жүргізілді. Тәртіп сақшыларының жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын Астана қалалық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев тексерді", - деп жазылған хабарламада.
Мереке күндері қылмыстың алдын алу және жолын кесу мақсатында адам көп жиналатын орындарда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, қызмет көрсету бағыттары күшейтілді.