14 мау, 2024 сағат 10:39

Астанада Есілді жүзіп өтемін деп бәстескен жасөспірім суға батып кетті

Фото: ТЖМ

Досымен Есіл өзенін кесіп өтуге бәстескен 2007 жылы туған жеткіншек суға кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

"12 маусымда Астанада Есіл өзенінде 2007 жылы туған жасөспірім суға батып кетті. Бозбалалар өзеннің бір бетінен келесі бетіне жүзіп өтуге бәстескен. Алайда оқиға соңы, өкінішке қарай, жасөспірімнің суға батуымен аяқталып отыр", - делінген хабарламада.


Елордалық құтқарушылар сағат 19:02-де жеткіншектің денесін судан алып шыққан.

Осы орайда, қалалық ТЖД тұрғындарға суға түскенде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін тағы бір ескертеді.